Бүгін Қыдырәлі Болмановтың туған күні

Oinet.kz 19-05-2020 1742

Бүгін белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың туған күні. 

image.png

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов 1964 жылы 19 мамырда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген. 

Марапаттары:

1998 - «Жігер» республикалық конкурсының лауреаты

1994 - Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері

2000 - Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері

2005 - Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері

2013 - Құрмет орденімен марапатталған.

Өміржолы:

Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).

1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.

1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.

2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.

2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.

2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.

Шығармашылық жетістіктері:

Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991). Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001).

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Трамп коронавирустан қалай қорғанып жатқанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу