Еліміздегі 10 облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды -ТЖК

Oinet.kz 20-05-2020

Қазгидромет еліміздің 10 өңірінде ауа сапасына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019061309112320692_snimok.jpg

20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

20 мамырда Алматы қаласындағы тау беткейлерінде көшкін жүру қаупі бар. 2

20 мамырда Ақмола облысында жаңбыр-бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде жаңбыр кейде бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі. желдің екпіні секундына 17-22 метр болады. Өңірдегі тауда көшкін-сел қаупі бар.

20 мамырда Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метр болуы ықмтиал.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

20 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр жетуі мүмкін.

Түркістан облысында дауыл соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.


Белгілі журналист «әруақты сыйламаған» Ахметбек Нұрсиланы өткір сынға алды
Шымкентте коронавирус жұқтырған 50 адам тіркелді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×