«Елімізде соңғы қоңырау қалай өтеді?» - Білім министрі жауап берді

Oinet.kz 20-05-2020 1097

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде соңғы қоңырау мен мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі  қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- "Осыған дейін оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамырда дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылып келді, яғни мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бар. Елімізде төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр және 25 мамырда мектепте ешкім болмайды. Дәстүрлі форматта мектепте қоңырау соғылмайды. 25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді білім министрі.

Бұған қоса ол мектептерде аттестат беру үрдісіне тоқталды.

- "3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлып отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министр мектепгі іс-шараны ұйымдастыруға қойылатын талаптарды атап кетті. 

- "Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалардың, педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қоямыз, медициналық масқа тағу міндетті болады. Бұл шара аулада, яғни ашық кеңістікте өтеді. Әр сынып өзінің шарасын жекелей ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер қойылады", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мектеп түлектеріне бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынғаны айтылған еді. 

«Денем тесік, ішімдегі дүнием түгел емес» - коронавирустан қаза болған келіншек
Алматыда 20 жастағы жігітке іздеу салынды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу