«Қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті»: ҰТО басшысы Руслан Емелбаев

Oinet.kz 13-07-2023 2299

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев кейбір мұғалімдердің білімін бағалау емтиханын тапсыру кезіндегі шпаргалкаларды қалай қолданғанын көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_23.jpg

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Достар, мына бейнежазбаларды мұқият көріп шықсаңыздар. Бұл бір экшн фильмнің бөліктері емес. Барлығы шынайы өмірде болып отыр... 10 шілдеде елімізде педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалімдер біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты. Мысалы, бір өңірде бір күн ішінде 34 педагогтің бұзушылықтары бірден анықталып, олар 5 жылға дейін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - дейді ол. 

Руслан Емелбаевтің айтуынша, кейбір мұғалімдер қулық жасаудан оқушылардан да асып түскен.

"ҰБТ-дан кейін бізді ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті. Бұл деректер бойынша тиіс шаралар қабылданып, құзырлы органдарға беріледі", - деді ол. 

Кедейлер өз өздеріне проблема жасап алатын сияқты
Қоғам өлім жазасын талқылап жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу