Ауыл тұрғындары марқұмды рұқсатсыз жуындырып коронавирус жұқтырған

Oinet.kz 25-05-2020

Индонезияның Сидоарджо округіндегі ауылдың тұрғындары денсаулық сақтау жүйесінің ұсыныстарын елемей, мәйіттің денесін жуып, нәтижесінде рәсімге қатысушылар коронавирусты жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

Коронавирус табылған жергілікті тұрғындардың бірі мамырдың басында ауруханада көз жұмған. Пластикалық пакетке салынып, ағаш табытқа салынған мәйіт туыстарының өтініші бойынша үйіне жіберілген. 

Инфекцияның таралу қаупіне байланысты енгізілген қауіпсіздік талаптарына қарамастан, туыстары мен көршілері жерлеу дәстүрін өткізген, соның ішінде мәйітті шығарып, оны жуындырған. Нәтижесінде кемінде 15 адам коронавирус жұқтырды.

БҰҰ Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатына оң баға берді
Ақтөбелік азамат бір отбасының 7 адамын өлімнен аман алып қалды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×