Ақтөбелік азамат бір отбасының 7 адамын өлімнен аман алып қалды

Oinet.kz 25-05-2020

Батыл азамат бір үйдің 7 адамын тілсіз жаудан аман алып қалған.

Ақтөбелік азамат 7 адамды өрттен құтқарды

Оқиға Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы Жаңақұрылыс көшесі №1 жеке үйде орын алған. Үйдің кіреберісі және шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен соң, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік шыққан.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан 7 адамды, оның ішінде 3 бала, 1 жүкті әйелді далаға шығарып үлгірген. Ол өзінің сол сәтте бір минутқа да кідірмей, бір отбасыны аман алып қалғанына қуанышты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден асатын үйдің шатыры мен кіреберістің өртенуі сағат 05.04-те оқшауланып, сағат 05.56-да өрт толық сөндірілді.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Төтенше жағдайлар комитетіне Медет Қалмұхановтың батырлық әрекеті үшін ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыныс хат жіберілді.

Ghj

Ауыл тұрғындары марқұмды рұқсатсыз жуындырып коронавирус жұқтырған
Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×