Елордада аумағы 15 гектарды құрайтын өрт - суреттер

Oinet.kz 19-06-2023

Қураған ағаш жанып, салдарынан елорда аспанын түтін басты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_18.jpg

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 19 маусымда елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қураған ағаштың өртеніп жатқаны туралы хабарламаға барған. Ресми мәлімет бойынша, өрт аумағы 15 гектар болады.

Таңертең өрттің иісі тек "Хан шатыр" сауда үйі аумағында ғана сезілсе, дәл қазір түтін иісі сол жағалауда байқалады. Сонымен қатар, ЭКСПО аумағы мен жаңа мешіт маңайынан қою түтін анық көрінеді.

Өртті сөндіруге қосымша техника мен өртсөндірушілер жіберілген.

"Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 140 адам мен 21 техника, әкімдіктің 8 суару техникасы және "Астана орманы" ММ-нің 10 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Screenshot_19.jpg


Screenshot_20.jpg


Screenshot_21.jpg

«Бумажный дом» сериялындағы тонауға ұқсас - Куәгер банк бөлімшесін бопсалау оқиғасы жайлы айтты
Қостанайда ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған - видео
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу