Тоқаев Астанадағы құрылыс туралы: Басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы себеп

Oinet.kz 11-07-2023 513

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер инфрақұрылымның тапшылығына алып келгенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Президент алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

"Астананы жылумен қамтамасыз ету жүйесі орнықты болуы қажет. Елордадағы негізгі өзекті мәселелер қаланың дамуына қатысты тиісті жоспардың, яғни дұрыс жоспарлау жұмысының жоқтығынан туындап отыр. Мұны ашық айтуымыз керек. Бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келді. Жағдайдың соншалықты мүшкіл болуына жауапты басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы себеп болды. Қала басшылығы құрылыс компанияларының пайдасын емес, мемлекет пен азаматтардың мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс", - деді Тоқаев.

Тоқаев: Назарбаевтың еңбегіне әділетті баға беруіміз керек
«Адам емдеп көрмеген Асылбеков» - Шымкенттің денсаулық саласында айқай-шу көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу