Тоқаев: Назарбаевтың еңбегіне әділетті баға беруіміз керек

Oinet.kz 05-07-2023 593

231f13047d7f8864.jpeg

«Елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Осындай қиын жағдайда Жоғарғы Кеңес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады», - деді Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында сөйлеген сөзінде.

Президенттің сөзінше, бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды тарихи шешім.

«Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек», - деді мемлекет басшысы.

Дереккөзі: ulysmedia.kz


«Газды бастым ба, тежегішті бастым ба білмеймін»: Қарағандыда балаларды қағып кеткен депутат
Тоқаев Астанадағы құрылыс туралы: Басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы себеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу