Қостанайда ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған - видео

Oinet.kz 19-06-2023 617


Қостанайда полицейлер үйінің ауласында әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_22.jpg

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткендігін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында "Ұстап алу" жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.

"Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойгуль Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді. Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды. Қазіргі уақытта, 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды. Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады" - деп хабарлайды Қостанай қаласының полиция департаменті өкілдері.

Елордада аумағы 15 гектарды құрайтын өрт - суреттер
Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кеткен - видео
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу