Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кеткен - видео

Oinet.kz 19-06-2023 695

Қарағандыда балалар ойын алаңында желмен ұшып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ekaragandy.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_23.jpg

Басылым мәліметінше, оқиға Голубые пруды шағынауданындағы №11 үйдің алаңында болған. Видеодан бала қатты жел салдарынан жасыл алаңның астында қалып, ұшып кеткенін көруге болады. Артынша бір адам келіп, оны алаңның ішінен шығарып алған.Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем бір баланы облыстық балалар ауруханасына әкелгенін хабарлады.

"Қабылдау кезіндегі жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, бала есін біледі, аздап шошыған. Қабылдау бөлімінде тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.


Қостанайда ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған - видео
Водные виды спорта: новый виток развития в Абайской области
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу