Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті

Oinet.kz 25-05-2020 810

Қостанай облысында Қазанбасы - Апановка бағытындағы жүк салынған пойыз рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

photo_67559.jpeg

Апат 24 мамырда сағат 14.40-та болған.

"Қостанай облысында Құсмұрын - Тобыл учаскесінде Қазанбасы - Апановка бағытымен шыққан жүк көлігінің машинисі тежегішті шұғыл басқан. Себебі локомотив манометрі вагондар арасындағы ауа қысымының төмендегенін көрсеткен. Салдарынан локомотивтің 23 вагоны рельстен шығып кетті. Теміржолдың байланыс желісіндегі тіреуіштері бүлінген", - деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметіндегілер.

Бұл учаскеде жылдамдықты сағатына 70 шақырымнан асырмау жүру керек. Пойыз да сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүрген. Қазір апаттың салдары жойылып жатыр. 

"Болған жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылары бар", - деді ведомстводағылар.

Ақтөбелік азамат бір отбасының 7 адамын өлімнен аман алып қалды
Таллинде Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу