Таллинде Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі орнатылды

Oinet.kz 25-05-2020 1065

Таллиндегі Кадриорг паркінде Қазақстанның жарқын жұлдызы Димаш Құдайбергеннің құрметіне отырғызылған ағашқа ескерткіш белгі орнатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1590385580fa2b35fe75618f0644dcf90cfb7b687e.jpg

Белгіленген іс-шараға Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты.

Осы акцияны ұйымдастырушы "Dimash Estonian Dears" фан-клубының мүшелері - 300 жылдық тарихы бар бұл саябақ өздерінің сүйікті әншісінің әндерін тыңдай алады деген үміт білдірді", - делінген елшіліктің хабарламасында.

news_full15903858200cdb346daa84ac135bb90f2f46e92fa8.jpg

Эстониядағы Димаш фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.

Бұдан бір күн бұрын 24 мамыр Димаш Құдайберген 26 жасқа толды.

Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті
Мархабат Байғұттың жаңа кітабы жарық көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу