Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалды

Oinet.kz 06-07-2022 905

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жұмысшы асылып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

5 шілдеде ТеңізШевройл компаниясының мердігері "Сенімді құрылыс" мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып алып, компанияға хабар берген. 

"Сенімді құрылыс" мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді”, – деді ТШО баспасөз қызметі.

Атырау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Әзірге ер азаматтың неге өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.

"Анамның денесінде пышақтың іздері көп" 16 жасар қыздың сүйіктісі ата-анасын өлтірді
Назарбаевтың ескерткішін құлатқан Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу