«Ұстаздар әділетсіз»: Көкшетауда колледж оқушысы өзіне қол салды

Oinet.kz 26-05-2023 1608

Көкшетауда әне-міне диплом алып, мұғалім болуды армандап жүрген колледж оқушысы өзіне қол салды. Емтиханнан үш алған бойжеткен ұстаздар әділетсіздік қылды деп қатты қамығыпты. Онысын анасына жазған хатында айтқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілішісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Туыстары марқұмның өліміне оқытушыларды кінәлап отыр.

"Жауап берсін, менің балапанымды осындайға жеткізгені үшін. Өз-өзіне қол салып, не сұмдық соншама ... Бір бағаны аяды ма екен, бір бағаны. Соншама менің қызымды жек көретіндей не болды? Қалдырмаймыз, арыз жазамыз", - дейді анасы Айгүл Ахметжанова. 

Колледж оқытушысы Жүсіпова Динараның айтуынша, аз балл жинап қалған Аяулымға қайта тест тапсыруға мүмкіндік берілген. Алайда марқұм тақырып бір болғанымен, басқа тест екенін көріп, тапсырудан бас тартыпты. 

"Өлімге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы жағдай Красный яр кентінде болған. 18 жастағы қыз өзіне қол салған. Барлық жағдай жан-жақты тергеліп жатыр",- дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.

Арыс қаласында зорланған қыздың кеңірдегі жыртылып, ауруханаға түскені рас па?
«Бұлар – жасырын жезөкшелер»: Ханбибі Есенқарақызы оранған қыздарға қатысты пікір айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу