Арыс қаласында зорланған қыздың кеңірдегі жыртылып, ауруханаға түскені рас па?

Oinet.kz 25-05-2023

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғыны кәмілетке толмаған қызды үйдің артына апарып зорлаған, деген күдікпен ұсталды.  Бұған дейін әлеуметтік желіде әлдекімдердің 5 жасар қызды зорлады деген адамды  балағаттаған видеосы және түрлі жазбалар тараған еді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_5.jpg

Тіпті қыздың кеңірдегі жырылып, ауруханада жатқаны айтылған.

Ал Polisia.kz-тің хабарлауынша Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

"21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ", делінген полиция таратқан ақпаратта.


   

  Screenshot_6.jpg

Screenshot_7.jpg


Атырауда 29 жастар қыз жоғарғы қабаттан құлап, мерт болды
«Ұстаздар әділетсіз»: Көкшетауда колледж оқушысы өзіне қол салды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×