Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Oinet.kz 03-09-2026

Screenshot_1.png

Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

 «Қырықбаев Арман Оразбайұлы бұрынғы атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.

Арман Қырықбаев  2025 жылдың ақпан айынан бері Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

 Арман Қырықбаев бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметін қоса атқарған, өткен аптада Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған Аида Балаеваның орнына келді.

 


Соңынан дау ерген Жамалов. Мәселе көтермейтін Рожин. Кім, қандай еңбегі үшін депутат болды?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу