Министр Нұрымбетовтың ағасы қызметінен кетті

Oinet.kz 01-06-2020 1122

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Тимуржан Нұрымбетов Жергілікті атқарушы органның құрылымындағы өзгерістер осы жылдың 14 сәуірінде болды. Облыс әкімінің өкімімен Нұрымбетов басқарма басшысы қызметінен "өз еркімен" босатылды. Ол бұл лауазымға 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап келді.

- "Тимур Нұрымбетов өзін сауатты және білікті маман, тиімді басшы ретінде көрсетті. Ол ашық, еңбекқор және ақкөңіл. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеген кезеңінде Нұрымбетов тәртіптік жаза алмаған", - делінген Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Алмас Мадиевтің қолы қойылған құжатта.

24 сәуірде Жорабек Баубеков уақытша Нұрымбетовтің орнына келді. Оның бұл қызметке төтенше жағдай аяқталғанға дейін тағайындалғандығы атап өтілді. Төтенше жағдай алынғаннан кейін жаңа басшы бұл орындықты сақтап қалды ма, әлде оның орнына басқа тұлға тағайындалды ма оны Жамбыл облысының әкімдігі нақтылаған жоқ.

Бұған дейін Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарланған болатын. Ол тоғыз миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, Нұрымбетов үй қамауында болған. 

Тимуржан Нұрымбетов - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы.

Елімізде коронавирус инфекциясының 476 жағдайы тіркелді
Елімізде 450 адам коронавирус қауіпті індетіне шалдыққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу