Балалар жуынатын бөлмеге камера орнатқан

Oinet.kz 01-06-2020 796

Павлодар облысы білім басқармасының басшылығының балалар жуынатын бөлмеге бейнебақылау камерасын қойғаны анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  Бұл туралы "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында балалар құқығын қорғау жөніндегі топтың қатысуымен өткен отырыста айтылды.

image.png

Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілердің конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады. 


- "Облыстық қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жетекшісі орталық тәрбиеленушілерін бейнекамералар арқылы қарап отырған. Тіпті, камералар әжетхана мен қыздарға арналған жуыну бөлмелеріне орнатылып, ол жерлерде не болып жатқаны басшылықтың кабинетіндегі үлкен экран арқылы бақыланған", – деп мәлімдеді Павлодар облысы прокуратурасының басшысы Асхат Қоқымбаев. 

Арнайы орталықта 18 жасқа дейінгі қыздар да болғандықтан, прокуратура өкілдері мекеме басшылығы осындай әрекетімен балалардың құқығын өрескел түрде бұзды деп есептейді. Ал тексеру нәтижесінде бейнекамералар Павлодар облысы білім басқармасы басшылығының тікелей тапсырмасымен орнатылғаны белгілі болды. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, мұны өз әрекетінің ресми түсіндірмесі ретінде қарауды сұрады. Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықты бастан өткереді екен. 

- "Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді", – дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы. 

Прокурорлар тексерісінен кейін бақылау камералары алынып тасталды. Бірақ Дінислам Болатханұлы өз ұстанымында қалатынын мәлімдеді. 

Зелинскийдің қанша табыс табатындығы белгілі болды
Бахрейндегі секс-құлдық: адам саудасымен айналысқандар сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу