Зелинскийдің қанша табыс табатындығы белгілі болды

Oinet.kz 01-06-2020 827

Украина президенті Владимир Зелинскийдің қанша табыс тапқандығы белгілі болды. Ол 2019 жылы бір миллионнан астам доллар табыс тапқан. Бұған ел президенті кеңсесінің сайтында жарияланған кірістер туралы декларация дәлел бола алады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.  

image.png

Осылайша, президенттің отбасылық кірісі 28,6 миллион гривенді (1,06 миллион доллар) құрады, оның ішінде Зеленский мен оның отбасы мүшелері 3,6 миллион гривен (133,7 мың доллар) салық төледі.

Сонымен қатар, президент Киевте жылжымайтын мүлікті сатқаны үшін 4,4 миллион гривен (164,3 мың доллар) алды, ал оның отбасы — Ұлыбританиядағы пәтерді жалға бергені үшін 3,2 миллион гривен (118, 8 мың доллар) алды.

Бір жыл ішінде Украина президенті 5,048 миллион гривен (187,5 мың доллар) сомасына сауда маркаларын пайдаланудан роялти алды. Сондай-ақ, Зеленский Украина Президенттігіне кандидат сайлау қорына 11,5 миллион гривен (427,2 мың доллар) аударды және PricewaterhouseCoopers консультациялық фирмасының қызметіне 567,9 мың гривен (21 мың доллар) сомасына ақы төледі.

Қаза тапқан дәрігерлердің құрметіне ерекше сурет салынды
Балалар жуынатын бөлмеге камера орнатқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу