Министр Сапархан Омаровтың қай сөзіне сенуге болады?

Oinet.kz 04-06-2020 1919

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесуін өткізіп, министрліктің 2019 жылғы жұмыс қорытындыларын баяндады.

image.png

Министрлікті ресми сайтында жарияланған материалдарға қарағанда, карантин кезеңінде елімізде ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныстың артуын ескере отырып, егін егуге дайындық кезінде ауылшаруашылық дақылдарының алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылып, 22,5 млн гектарға жеткізілді. Бұл астық пен бұршақ дақылдарының жалпы түсімінің 18,5 млн. тоннаға (+ 9%), майлы дақылдардың 2,8 млн. тоннаға (+ 12%), жемшөп 33 млн. тоннаға (+ 1,5%), көкөніс пен бақша дақылдарының 7 млн тоннаға  (+ 4,5%). дейін өсуін қамтамасыз етеді.

Яғни, министрдің сөзіне сенсек, карантин кезінде егістік дақылдарына деген сұраныс артқан. Алайда іс жүзінде бәрі керісінше сияқты. Естеріңізде болса, биыл бір жерден 2-3 реттен өнім алу тәжірибесін қолға алған Оңтүстіктің диқандары қып-қызыл шығынға ұшырады. Ақпаннан бастап егілген қырыққабаттар сәуір, мамыр айларында Ресейге импортталатын. Алайда биыл Ресейде карантинге байланысты бақша өнімдеріне деген сұраныс төмендеді. Мақтаарал, Жетісай өңірінде мыңдаған шаруа миллиондаған шығынға батты. 

Бір қызығы, Ауыл шаруашылығы министрлігі тым құрыса шаруалардың қанша шығын болғанын да есептеген жоқ. Не министр Сапархан Омаровтың өзі, не орынбасарлары өнімдерін өткізе алмай шулап жатқан шаруалардың жағдайын тым құрыса бір рет те келіп сұраған жоқ. Сонда ауыл шаруашылығындағы шаруаларға жаны ашымайтын бұл неғылған ауыл шаруашылығы министрі? Мамырда үкіметтің отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Оңтүстікте өтпей жатқан 250-300 мың тонна капустаны сату үшін үкіметтен көмек сұрағаны белгілі. Алайда Сапархан Омаров ешқандай жәрдем бере алмайтыны алға тартқан еді. 

Енді міне, арада бір ай өткенде министр карантин кезінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артқанын айтып отыр. Сонда Сапархан Омаровтың қай сөзіне сенуге болады?

Алматыда автобус өртеніп кетті (видео)
​Біртанов коронавирустың екінші толқыны туралы хабарлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу