SOS

Oinet.kz 20-03-2019 1157

01-Finally-Here’s-what-SOS-really-stand-for-760x506.jpg

Апат кезінде берілетін "SOS" белгісі, ағылшын тіліндегі "save our souls" (біздің жанымызды құтқарыңыздар) деген сөздерден шыққан деген түсінік бар. Кейбіреулер бұл сөзді "Save our ship" (біздің кемемізді құтқарыңыздар) дегенді білдіреді дейді. Алайда шын мәнінде бұл сөз ешқандай мағына бермейді. ХХ ғасырдың басында көптеген елдердің теңізшілері ортақ шешімге келіп, апат кезінде «SOS» деген әріптерден тұратын белгіні беру туралы шешімге келген. Өйткені бұл сөз кемелерде қолданылатын Морзе алфавиті бойынша өте оңай теріледі екен. Бар-жоғы үш нүкте, үш тере және тағы үш нүкте.

Қалыптасып кеткен қате түсініктер: Жұмбақ жеміс
Көп болса алтынның да қадірі жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу