Эйнштейн «екілік» бағамен оқыған

Oinet.kz 20-03-2019 897

uzn_15417586198.jpg

Атақты физик, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейн мектепте «екілік» бағамен оқыған. Кейде «екілік» баға алған оқушыларды ата-аналары осыны мысал етіп жұбататыны бар. Шындығында олай емес. А.Эйнштейн мектепте өте жақсы оқыған. Әсіресе, математика пәнінен ол жас кезінде өте алғырлығымен ұстаздарын тәнті еткен. Оның «екілік» баға алып тұрғаны да рас. Бірақ ХХ ғасырдың басында Германияда шәкірттердің білімін бағалау басқаша жүйемен жүргізілген. Ол кездегі «екілік» баға біздіңше «төрттікпен» тең екен.

«Егер тау Мұхаммедке бармаса, онда Мұхаммед тауға барады»
Ұлы Қытай қорғаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу