Бірқатар елде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Oinet.kz 09-06-2020 932

ДДҰ бас директорының айтуынша, Дүние жүзінде пандемия жағдайы нашарлауда. 136 мың адамның 75 пайызы 10 елдің өкілі, көп жағдайда Америка аймағы мен Оңтүстік Азия елдерінде тұрады. 

image.png

- "Африка аймағының көптеген елінде әлі күнге дейін COVID-19 жағдайы көбейгені айтылып жатыр, олардың кейбіреуі жаңа аудандарда пайда болды. Осы аймақтағы елдің көпшілігінде 1000-нан аз жағдай кездеседі. Сондай-ақ, біз Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөлігінде вирус көбейіп жатқанын байқадық", - деді ДДҰ бас директоры.

Ол бірқатар елде вирус жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын мәлімдеді.

Ұйымның соңғы мәліметтеріне сәйкес, соңғы бір тәулікте COVID-19 жұқтырудың 131 296 жағдайы тіркелген, 3 469 науқас қайтыс болған. Осылайша, дүние жүзінде коронавирус анықталған жағдайлардың жалпы саны - 6 931 000, қайтыс болғандар саны - 400 857.

«Дәлелдеу үшін өлуім керек пе»: Берік Уәлидің жан айқайы
Әлібиге қатысты апелляциялық іске нүкте қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу