Надыров: «Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз»

Oinet.kz 09-06-2020 889

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров коронавирус індетінің екінші толқыны туралы болжам жасады.

image.png

Басқарма басшысы медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Науқастардың медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Медициналық қызметкерлер қорғаныш құралдарымен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Қамалжан Надыров күзде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтып қалды.

"Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса...", - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді.

"Алдағы уақытта қаладағы барлық станционарда бас дәрігердің инфекциялық жағдайға жауап беретін орынбасар қызметі пайда болады. Бұл эпидемиологтардың мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді", - деді Қамалжан Надыров.

Алматыдағы отбасылық атысқа қатысты тың деректер пайда болды
Бауыржан Байбек тағы 50 мың теңгені кімдер алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу