Тәжікстан президентіне қастандық жасалған сәттен видео пайда болды

Oinet.kz 10-06-2020 1221

Тәжікстандық журналист Нилуфар Азиз 12 минуттық "Дурбини ҳақиқат" ("Ақиқат камерасы") атты деректі фильмін жариялады. Онда 1997 жылғы 30 сәуірде Худжанд қаласында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қастандық жасалған сәттен сирек кадрлар көрсетілген деп хабарлайды Oinet.kz порталы "Ахбор" басылымына сілтеме жасап.

image.png

Нилуфар Азиз өз фильмінде Худжандтағы қастандық кезінде президенттің өмірін Якуб Салимов (сол кезде Тәжікстан кеденшілерінің басшылары) емес, президенттің бас күзетшісі Мурод Саидов аман алып қалғанын айтады.

Сол 1997 жылғы көктемде Камол Худжанди атындағы театр алдында президентке қастандық жасалған кезінде қару-жарақ, гранаталар мен жарылғыш заттар қолданылған. 50-ден астам адам, соның ішінде мемлекет басшысы Эмомали Рахмон мен Якуб Салимов жарақат алған.

Алайда, аяғынан жараланған президент дәрігерлердің қарауынан кейін, оқиғадан жарты сағат өткен соң театрға қайта оралып, жиналған халықтың алдында сөз сөйлеген. 

Бұған дейін "КСРО" апталығы да Худжанд қаласында президентке қастандық жасалғанда оның өмірін Якуб Салимов емес, Мурод Саидов құтқарып қалғанын жазған еді. Кейін Якуб Салимов түрмеде отырған кезінде президентке қастандық жасалған сәтте оны денесімен жауып қалғанын, сөйтіп жарақат алғанын мәлімдеді. Денесінде әлі де жарақаттың іздері қалғанын алға тартқан.

Аталған қылмыс бойынша бірнеше адамға, соның ішінде "Тайсон" лақап атымен танылған бұрынғы спортшы Хуршед Абдушукуров пен бұрынғы Тәжікстан премьер-министрінің бауыры Абдулло Абдулладжановқа айып тағылды. "Тайсон" президентке қастандық жасау кезінде өлтірілсе, экс-премьердің бауыры мен Фирдавс есімді тағы бір айыпталушы өлім жазасына кесілді. 

Өзбекстандық блогер Қазақстан туралы бар шындықты айтты
Оралда жан түршігерлік оқиға болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу