Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді

Oinet.kz 18-06-2020 1040

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында үкімет басшысы Асқар Мамин бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

Медициналық құралдар

Премьер-министр қысқа уақыттың ішінде полимеразалық тізбек реакциямен тест жасау шараларын күшейтуді тапсырды. Ол үшін медицина ұйымдарының негізінде қосымша зертханалар ашылады.

Бұдан бөлек, ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындарды көбейту керек. Аймақтардағы ресурстарды тарту арқылы науқастарды компьютерлік томографиямен зерттеу шаралары күшейеді. Ал медициналық жедел жәрдем станциялары шұғыл шақыруларға дер кезінде қызмет көрсетуі тиіс. Үйде отырған пациенттерді қашықтан және мобильді бригадалар арқылы сапалы бақылауды қамтамасыз ету керек. Халық арасында түсіндіру жұмысы кеңінен жүргізіледі.

Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі
«Сіздей адам жоқ екен, көзім жетті» - белгілі продюсер (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу