«Коронавирус жұқтырған» танымал бизнесмен қазақстандықтарға үндеу жолдады

Oinet.kz 19-06-2020 4199

Елімізге танымал бизнесмен және қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген қазақстандықтарға жылап тұрып видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

news_full159253347090782e4dfe88eacd18e99ea5deca1a61.jpg

Бұл видео үндеуді өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада серуендеп жүретін адамдар маған қарасаңыздар болады. Жалпы, мен білмеймін, қандай ауру екенін, кеше түсте ПТР-тест тапсырдым, нәтижесі ертең келетінін айтты. Температура 38-ден 39,5-ке дейін жетіп жатыр. 3 күннен бері осындай", - деді видеода Қайрат Құдайберген.

Видеодан бизнесменнің дем алуы ауыр, жағдайы шынымен де нашар екенін байқауға болады, сөйлеген кезде де қиналады.

Әрі Қайрат Құдайберген күнделікті көп адамдармен байланыста болғандықтан кімнен жұқтырғанын нақты білмейді.

"Туыс-туғандарыңызды сақтай жүріңіздер. Маска киіңіздер, қолғап киіңіздер. Мен білмеймін, бұл індет па, вирус па. Адамдарға көмектесіп жүріп, адамдардың арасында болғанда, қанша қорғанып жүрсекте осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті өздеріңізге қараңыздар. Еліміз осы індеттен тезірек шықсын", - деп көз жасына ерік берген ол

Дәулеталин - Шымкентте: кәсіподақтардың басты талабы - жұмыс орындары мен қауіпсіз еңбек жағдайын са
«Вирусқа сенбеңіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын апарып жерлейміз» - Диас Ахметшәріп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу