Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналуы мүмкін

Oinet.kz 19-06-2020 1068

Қазақстан ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина осы жылы қыркүйекте адамдарға сыналуы мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайтыЗертхана қызметкері

Министрдің айтуынша, қазір отандық ғалымдар үш платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеп жатыр.

Бірінші инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылы 15 мамырда өз тізіміне ресми енгізді. Аталған кандидаттық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы сәтті өтіп жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Клиникаға дейінгі сынақ 15 мамырда басталған. Алдымен, тышқандарға егіліп, вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігі тексерілді.

"10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттеледі. Маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, әрі қарай вакцинаның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшу жоспарымызда бар", - деді ол.

«Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының ашылуы өтеді
Тағы бір шенеунік коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу