Кәмшат Жолдыбаева мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Oinet.kz 22-06-2020 4840

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева желіні тағы да шулатты. Бұған дейін желіде белсенділік азайтқан әнші бұл жолы бірден бірнеше ерекше образдағы суреттерімен бөліскен. Бірінен бірі өткен ашық фотосессиялар бірден елдің қызу талқысына қалып, ерлер қауымының таңданысын тудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

Screenshot_3.jpg

Кәмшат Жолдыбаева алдымен жалаңаш денесіне жасыл түсті костюм киіп, өзінің ұзын аяқтарын паш еткен. Одан кейін әнші аса батыл образға көшіп көрген. Онда эстрада жұлдызының мінсіз мүсіні ерекшеленіп, оның төсі қалың көпшілік назарына бірден түскен. 

Бұл фотосессияда Жолдыбаева төстартқышсыз бой көрсетті. Келесі суреттерде өнер иесінің гүлді корсетте тұрғанын байқауға болады. Ол кадрлардың бірінде бетін гүлді бетпердемен тұмшалап алған. Жолдыбаеваның соңғы образы да айтарлықтай ашық болып шықты. 

Screenshot_5.jpg

Әнші ақ түсті көйлек пен қысқа қара түсті шолақ шалбар киіп алған. Желі қолданушылары Жолдыбаеваның суреттеріне қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оны ашық образдары үшін сынап жатса, енді бірі керісінше оның мінсіз мүсініне тамсана қараған.

Нұр-Сұлтанда ер адам қаза болды
Назарбаев халыққа ашулы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу