Маңғыстауда кен орнының жұмысшылары Тоқаевқа жүгінді

Oinet.kz 29-06-2020 1193

Маңғыстауда Солтүстік Бозашы мұнай кен орнының жұмысшылары коронавирус жұқтырса да оларды үйге қайтарып жатқанын айтып, мемлекет басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

image.png

Мұнай кәсібі қызметкерлерінің айтуынша, вахта алдында коронавирусты анықтайтын тест жүргізген. Көбінде нәтиже теріс болды. COVID-19 табылғандар карантинде қалды. Вахтаға барлығы сау болып келген.

"Екі аптадан кейін адамдар ауыра бастады. Басшылық қайтадан тестілеуді өткізуге шешім қабылдады. 95 жұқтырған адамды анықтадық. Бәрі де сау болып келген. Демек, инфекция ошағы біздің мұнай кәсіпшілігімізде... Біз сол жерде емделуге дайынбыз, бірақ басшылық бұл үшін жағдай жасамайды. Жатақхана толып, орын жетіспейді. Компания бізге қамқорлық жасаудың орнына, бізді үйге жіберіп жатыр. Жолда дүкендерге кіреміз, өз үйімізге ораламыз және бүкіл отбасымызға жұқтырамыз. Біз қандай зиян келтіреміз?",- дейді жұмысшылар.

Buzachi Operating Ltd компаниясының қызметкерлері президенттен қазіргі жағдайға назар аударуды өтінді.

Коронавирус жұқтырғандар саны 21327-ге жетті
«Абылай ханның атының неше тісі бар?»: ҰБТ-да жиі қойылатын сұрақтың авторы табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу