Енді қазақстандықтар жедел-жәрдем қызметіне ақша төлейді

Oinet.kz 03-07-2020

Кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның жедел-жәрдем қызметі шақыртуларға үлгермей жатқанын, сондықтан, қосымша 3000 мобильді бригадалар құрылғанын айтқан. Олардың тарифі 2020 жылдың 1 шілдесінде бекітілгенмен, министр мобильді бригадалардың шақыру бағасын айтпаған еді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Жедел жәрдем бас тартқан: Алматылық азамат дәрігерлерге жете алмай ...Бүгін вице-министр Ажар Ғиният мобильді ақылы жедел-жәрдем бригадалары неше теңгеге шақырту қабылдайтынын және олар қандай қызмет көрсететінін айтты.
«Министр айтқандай, ауруханалар мен жедел жәрдем қызметтерінде мобильді бригадалар пайда болады. Бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Олардың қызметіндегі тариф құны да белгілі. Бағасы - 5 400 теңге. Бригадалар коронавирусқа күдігі бар немесе тұмау жұқтырғандарды қарап, олардан тест алу үшін барады. Бір шақырған адамға екінші рет бармайды. Тест бір рет алынады және оның нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі», - дейді Ажар Ғиният.

Шымкентте елестер үйінде Қонаевтың бейнесі пайда болды
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×