Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Oinet.kz 04-07-2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевжаңа бақылаушы орган құруды реттейтін заңға  қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Оны 25 маусымда Сенат қабылдаған. 

photo_69110.jpeg

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  аудиторлық  қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" - делінген хабарламада. 

Осы Заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау обьектілерінде мемлекеттік аудитті және  қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастырудың, қызметінің және өкілеттіктерінің бірыңғай қағидаттары белгілеуге бағытталған.

Бұған дейін жобаны әзірлеушілердің бірі мәжілісі мен Омархан Өксікбаев әлемдегі бірқатар ірі дағдарыстармен ұштасқан аудитор мамандығына деген сенімсіздік экономика үшін өте жағымсыз салдар әкелетінін, сондықтан  аудит сапасын бақылау рөлі арта түсетініне мәлімдеген болатын.

Жаңа заң бойынша, кәсіподақ кеңесі басқармасының құрамына Қаржы министрлігінің, АХҚО, KASE, кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Енді қазақстандықтар жедел-жәрдем қызметіне ақша төлейді
Назарбаевтың қанына жасалатын коронавирусқа қарсы вакцина туралы ақпарат шындыққа жанаса ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×