Назарбаевтың қанына жасалатын коронавирусқа қарсы вакцина туралы ақпарат шындыққа жанаса ма?

Oinet.kz 04-07-2020 2832

Кешеден бері Елбасының қанын ала отырып жасалатын коронавирусқа қарсы вакцина туралы ақпарат желіні кезген болатын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл ақпараттық жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Министрлік бұл туралы Coronavirus2020 Telegram арнасында хабарлады. 

image.png

Желіде тараған хабарламада Назарбаевтың қаны коронавирусқа қарсы вакцина үшін қолданылғаны айтылған. Себебі Қазақстанның тұңғыш президенті індеті жеңіп шықты, яғни, сәйкесінше оның қанында антиденелер бар. Хабарлама қазақстандық ғылым академиясына сілтеме жасап таралуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды. Министрлік қазақстандықтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды. Айта кету керек, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 274-бабында осы қылмыс үшін 1 жылға дейін, ал бір топ адамдар үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. 

Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Белгілі ғалым Рәбиға Сыздық өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу