Дөңгелектің көлеңкесінде ұйықтап кеткен жігітті жүк көлігі басып кетті

Oinet.kz 16-07-2020 1770

Шымкентте көп тонналы жол құрылыс техникасының  астында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz-ға сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Қайғылы оқиға бұрынғы қалалық қоқыс тастайтын жерге жақын маңдағы Алматы айналма тас жолы бойындағы Самал-3 ықшам ауданында орын алды. Көлік жүргізушісінің сөзінше, жас жұмысшы көп тонналық трамбалық металл дөңгелектің көлеңкесінде мызғып алуды көздеген. 

"Мен дәретханаға біраз уақытқа кеткен едім. Қайтіп келгенде осындай қайғыға тап болдым. Көлігіме отырдым да әдеттегідей айдап кеттім. Сол кезде көліктің сәл көтеріліп барып түскенін байқадым. Дөңгелектің астына қарасам адам жатыр екен. Шамасы мен әжетханаға кеткенде, дөңгелектің көлеңкесінде ұйықтап кеткен болуы керек. Мен бұл бөлімге жақында келген едім", - дейді көлік жүргізуші.

Қазіргі таңда Абай аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Дәурен Айдарқұлов: «Бірінші әйелім құптамады»
Жұмыс орнында санитарлық талапты сақтау – басты мақсат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу