Жұмыс орнында санитарлық талапты сақтау – басты мақсат

Oinet.kz 16-07-2020 784

Screenshot_19.jpg

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет  көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бақылау тобы кәсіподақ ұйымы бар Шымкент қаласы әкімдігінің «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде санитарлық режим талаптарының сақталуына, оның ішінде кіре берісте кезешіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді зарарсыздандыру жұмыстарына бақылау жүргізіп, қойылған талаптарға сай жұмыс жүргізіліп жатқанына көз жеткізді.

Орталықта жалпы 353 штаттық бірлік болса, оның нақты жұмыс жасап жатқан қызметкер саны 274 адам.

Оның ішінде: 

- 63 қызметкер қашықтықтан жұмыс жасауға жіберілген;

- 35 қызметкер кезекті еңбек демалысына жіберілген;

- 30 қызметкер еңбекке жарамсыздық парағын аштырған;

- 146 қызметкер күнделікті жұмыс орнында карантиндік режим талаптарын сәйкес жұмыс атқаруда.

Дөңгелектің көлеңкесінде ұйықтап кеткен жігітті жүк көлігі басып кетті
42 500 теңгені заңсыз алғандар жазалана ма? - министр жауабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу