42 500 теңге қанша адамға тағайындалғаны белгілі болды

Oinet.kz 20-07-2020 1195

42 500 теңгені алуға 1 миллионнан аса қазақстандық өтініш берді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

154586.jpg

"20 шілде сағат 9.00-дегі мәліметке сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді алуға азаматтардан 1 миллион 55 мың бірегей өтініш келіп түсті. 880 мың адамға төлем тағайындалды", - делінген хабарламада. 

1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде: 

688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; 

271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; 

50,3 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы; 

44,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. 

Азаматтардың санаты бойынша: 

688,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден түсті (проактивті форматта); 

15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; 

350,6 мың өтініш басқа санаттардағы азаматтардан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Тоқаев өз кеңесшісін қызметтен босатты
Коронавирустан қайтыс болғандар туралы тың дерек шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу