Асқар Мамин әкімдер мен министрлерге тапсырма берді

Oinet.kz 21-07-2020 1128

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

Биография Аскара Мамина - РИА Новости, 21.02.2019

«Жалпы жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады», - деді Асқар Мамин. 

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар министрлік пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді. 

«Бірінші - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері әкімдіктермен бірге барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтуды жандандыруда нақты шаралар қабылдасын. 

Екінші - өңірлердің әкімдіктері бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барлық көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз етсін. 

Үшінші - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктердің жоспарланған индикаторларға, әсіресе азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бөлігінде қол жеткізген нәтижелеріне сапалы талдау мен мониторинг жүргізсін. Ералы Лұқпанұлы, бақылау өзіңізде», - деді Үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.

Сайрамда мұқтаж отбасыларға көмек берілді
Цой бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу