Ел президенттігіне үміткер болған азамат қайтыс болды

Oinet.kz 28-07-2020 4578

Қоғам қайраткері, эколог, 2011 жылы Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде сайлауға түскен Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Қаралы хабарды марқұмның әйелі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ғалымның неден қайтыс болғаны нақтыланбаған.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Дуамбеков Халықаралық Экология академиясының басшысы ретінде белгілі. "Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті" қоғамдық ұйымының президенті болған, сутегі отынының генераторын ойлап тауып, патенттеген өнертапқыш. Мұсағали Дуамбеков 2011 жылы өткен сайлауда Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынылған болатын. Қазақ тілі емтиханынан сәтті өтіп, кейіннен өз кандидатурасынан бас тастау туралы шешім қабылдады.

Екі қызды аяусыз соққыға жықты
Қытайдың екі ауданында коронавирустың жаңа ошақтары тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу