Жастар арасында коронавируспен ауыратындардың саны үш есе өсті

Oinet.kz 05-08-2020 1806

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы бес айда әлемде коронавируспен ауыратын жастар саны үш есеге артты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KTK.KZ сайтына сілтеме жасап.

155821.jpg

Талдауға сәйкес, 6 ақпан мен 24 шілде аралығында 12 миллион адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, жастар арасында COVID-19 үлесі 15 пайызға дейін өсті. Бұрын бұл көрсеткіш 4,5 пайыз еді.  ДДСҰ есебі бойынша жастар 15-24 жас аралығындағы адамдарды қамтиды. Германия, Испания, Франция және Жапония сияқты елдер ауруды жұқтырғандардың арасында жастардың көп екенін хабарлады. 

"Жастар, әдетте, бетперде мен әлеуметтік қашықтықты сақтай бермейді. Сонымен қатар саяхаттар да COVID-19-ды жұқтыру және таралу мүмкіндігін арттырады", - деді АҚШ-тағы Джонс Хопкинс ауруханасының аға медбикесі Нейса Эрнст. 

Нейса Эрнстің пікірінше, жастар көптеген адаммен жұмыс істеуге, жағажайларға, клубтарға немесе сауда-саттық орындарына баруға бейім екенін айтты. Бұдан басқа,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар арасында COVID-19 өсуіне алаңдаулы. Осы кезеңде 5 жастан 14 жасқа дейінгі жұқтырғандар саны 4,6 пайызға дейін өсті. ДДСҰ сарапшылары оқу жылының басталуы мектеп оқушылары арасында коронавирустық жағдайлардың көбеюіне әкелуі мүмкін деп қорқады. Бірқатар елдердің сарапшылары жастарды әлеуметтік қашықтық шараларын жалғастыруға, бетперде тағуға және көптеген адам жиналатын жерлерден аулақ болуға шақырады.

​Ясауи жайлы аңыздардың балаларға арналған топтамасын онлайн түрінде ұсынуда
Ләйла Сұлтанқызының қайтыс болған ағасының қызы дүниеге келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу