Теміртау әкімі қызметінен кетеді

Oinet.kz 12-08-2020 892

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов таяуда қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1562150369b9b91b1c91916c7427ce7a66b58dff30-677x316_c.jpg

Ғалым Әшімов тікелей эфир өткізіп, теміртаулықтардың сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі қызметтен кету туралы қауесеттерге қатысты болды. Қала басшысы бірнеше күннен соң қызметінен кететінін айтты. Ол енді облыстық басқармалардың бірін басқарады.

"Ротация сияқты нәрсе бар. Мен Теміртауда бес жыл жұмыс істедім. Енді облыстық басқарманы басқарамын", - деді Ғалым Әшімов.

Айта кетейік, Ғалым Әшімов бұл қызметке 2015 жылы тағайындалған еді.

Елімізде балалар арасында ковидтен де қауіпті індет пайда болды (видео)
Қоғам белсендісі Аля Тулесоваға қатысы сот үкімі шығарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу