Түрік ғалымдары Түркістанда Елбасына ескерткіш қоюды ұсынды

Oinet.kz 25-05-2021 2710

ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары, доцент, доктор Біләл Чакыджы Түркістан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Бұл туралы Oinet.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтей отырып хабарлайды.

image.png

Мұндай идеяны ол бүгін «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: интеграция және ынтымақтастық перспективалары» атты халықаралық онлайн-конференция барысында мәлімдеді. Шетелдік қонақ небәрі үш жылға жетпейтін уақытта Түркістанның жылдам дамып, бауырлас елдердің басын біріктіретін рухани астанаға айналғанын атап өтті.

image.png

- Түркі елдеріне қажетті маңызды істің барлығы Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің бастамасымен жасалған еді. Ал осыдан үш жыл бұрын Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы бекітілді. Елбасының ерекше Жарлығы Қазақстан жұртшылығының ғана емес, күллі түркі дүниесінің мерейін тасытты. Осылайша, тарихы терең Түркістан дамудың жаңа сатысына көтерілді. Небәрі үш жылда Түркістанды түркі елдері ғана емес, әлем танитындай жағдайға жеттік. Көне қала өзінің тарихи ерекшелігін сақтай отырып, заманауи бағытта көркейіп келеді. Бұған таңданбасқа, тамсанбасқа болмайды. Осы ретте, мен аса маңызды үндеу жариялағым келеді. Түркі дүниесінің рухани астанасы Түркістанның дамуына, көне шаһарға жаңа леп әкелген, түркі интеграциясын іске асыру идеясына мұрындық болған Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығы – Түркістан қаласынан ескерткіш орнату бастамасын көтеремін. Бұлай деуіме үлкен негіз бар, – деді Біләл Чакыджы.

Жиынға қатысушылар маңызды шешімдерді жүзеге асыруда үнемі бірлікте жұмыс істейтінін, Түркістанды дамытуға күш салатынын жеткізді. Сондай-ақ, ғалымдар мен конференцияның өзге де қатысушылары жиында ұсынылған резолюцияны бірауыздан қолдады.

Шымкентте «Media camp» туристтік іс-шара өтті
«Вакцинадан кейін иығымда чип пайда болды» - ер адамның айтқаны қаншалықты рас?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу