Тоғжан Қожалы, қоғам белсендісі: «Түрік қоғамы қазір екіге жарылып тұр»

Oinet.kz 17-05-2023 560

Түркиядағы сайлауды жіті бақылап отырмын. Түрік халқы сайлауға өте белсенді қатысып жатыр. Қоғамдық санасы өте жоғары дәрежеде дамыған ел екен.

Screenshot_15.jpg

Десе де, түрік қоғамы қазір екіге жарылып отырғаны байқалады. Ердоғанның сыртқы саясатта жасаған жұмыстары, жеткен жетістіктері өте көп. Бұрынғы кезбен салыстырғанда Түркия әскери және экономикалық тұрғыдан мықты ел болып тұр. Әлемдік деңгейде беделі өсіп, қуатты арта түсті. Бірақ сыртқы саясатқа көп күш-жігер жұмсаған Ердоған ішкі саясатта біраз кемшіліктер жіберіп алды. Ұлттық валютасы қатты инфляцияға ұшырады. Босқын сириялықтарды елге кіргізді. Бұл жағдайлар түрік экономикасына қатты әсерін тигізіп отыр. Сириялықтардың Түркияға келуі ел ішінде наразылық тудырды. Олардың менталитеті басқа. Өйткені, олар – арабтар. Ататүрік Түркияны арабтанудан арылтқан болатын. Түрік қоғамы «сириялықтардың келуі қайта арабтануға әкеп соғады» деп қауіптенеді. Қылыштароғлы осы жайттарды пайдаланып, көп дауыс алып жатыр. Өйткені, Түркияның негізгі идеологиясы – кемализм. Ердоған ішкі саясатта кемализмнен ауытқып жүр. Оның тұсында пәренже жамылған әйелдер, дінді берік ұстанатындар, діни радикалдар көбейді. Бұл қоғамда қарсылық туғызып отыр. Басты қайшылық осыда.

Десе де, сайлауда кім жеңсе де,  Түркияның Қазақстанға қатысты ұстанымы өзгермейді. Түркияның басшысы сан мәрте ауысты. Сүлеймен Демирел, Тансу Чиллер және Ердоған таққа отырды. Бірақ одан үлкен өзгеріс болған жоқ.  Демек, кім ел тізгінін ұстаса да, Түркия Қазақстанға бауырлас ел деген көзқарастан айнымайды.

Тоғжан Қожалы

Ыстамбұл орталығында Тоқаевтың ФИФА басшысымен түскен суреті пайда болды
Темірхан Медетбек, ақын: «Қаңтар шындығын Тоқаев айтады деп ойлаймын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу