Үш жасар бүлдіршін адам сенгісіз әрекет жасаған (видео)

Oinet.kz 13-08-2020

Қызылордада үш жасар бүлдіршін жалғыз өзі Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойызға отырып, жолға шыққан. Билетсіз жолаушыны полицейлер тек ата-анасының арыздануымен іздестіріп, қаладан 80 шақырым жердегі станциядан түсіріп алыпты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарт агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

image.png

3 жастағы бүлдіршінді сол күні әжесі вокзал маңындағы саябаққа ойнату үшін әкелген екен. Ал вокзалға пойыз келгендегі абыр-сабыр кезінде қария немересін жоғалтып алған. 

Ата-анасы полицейлерге шағымданған соң баланың өз бетінше пойызға мініп кеткені белгілі болды. 

- "Жалаңаш станциясынан пойыз тоқтатылып, оныншы вагоннан бала түсірілді. Сонымен қатар, ата-анасына ешқандай жарақатсыз табысталды, қазіргі уақытта бала отбасымен бірге", - деді Қызылорда стансасындағы жергілікті полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Серік Тоқтыбаев.

«Басымды қатырмаңдар»: Ерғали Сыдымановтың сөйлеу мәнері жұртқа жақпай қалды (видео)
Карантинде жатқан ер адам жантүршігерлік әрекет жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×