«Басымды қатырмаңдар»: Ерғали Сыдымановтың сөйлеу мәнері жұртқа жақпай қалды (видео)

Oinet.kz 13-08-2020 1281

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының жаңа бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1597236288891ac2a03f1e966976681fb97a7f2def.jpg

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді

"Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернетте және БАҚ-та жарияланған видеоны зерттеді, онда Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Талдықорғандағы жергілікті базар кәсіпкерлерімен кездесу кезінде қала тұрғындарына тиісті құрмет көрсетпеген. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардың наразылығын ескерді және мұндай мінез-құлық мемлекеттік қызметшіге сай емес деп санайды", - делінген хабарламада.

Қызметтік тергеу жүргізу нәтижелері халыққа хабарланады.

Еске салайық, Ерғали Сыдыманов қызметке кіріскеннен кейін Талдықорған тұрғындарымен кездесті. Бірақ алғашқы кездесу қала тұрғындарының көңілінен шықпаған. Шенеуніктің сөзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.

"Мен саған қызмет етпеймін. Балаларды тамақтандыру керек екенін түсінемін, сонда-мұнда, несиелер бар, андай-мындай. Мен бірінші жыл тұрмыстамын ба? Болды, кетіңіздер, басымды қатырмаңыздар! Сен неге түсіресің, осылай бәрі басталады", - дейді Ерғали Сыдыманов видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Как разговаривают чиновники Алматинской области с народом Откуда они берутся такие «вежливые», ребята с похмела или с нервов? АДГС, поговорите с человеком? Народ просит разрешения зарабатывать на жизнь. Новый главсанврач области, добро пожаловать в Талдыкорган. В первый день работы Ергали Сыдыманов отличился навыками общения. Приехал человек с запада.

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Бір тәулікте коронавирус 517 қазақстандықтан табылды
Үш жасар бүлдіршін адам сенгісіз әрекет жасаған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу