Министр Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты

Oinet.kz 17-03-2021 1056

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 30 пайызына тең. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Әсет Ерғалиев.jpg

- Мемлекеттік қарызға байланысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Бүгінгі таңда мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызына тең. Айта кетейін, рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі еліміздің фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығын бағалап, мемлекеттік қарыз деңгейі төмен екенін атап өтті. Еуроодақ елдерімен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі шамамен 80 пайыз, ал ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда шамамен 100 пайыз, - деп жауап берді Ерғалиев.

Ол қарызды ұстауға шамамен 900 миллиард теңге бөлінгенін де айтты.

дереккөз: tengrinews.kz 

2 млн теңге: Көпбалалы ана әкімнен кешірім сұрады
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде жаңа тағайындаулар жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу