2 млн теңге: Көпбалалы ана әкімнен кешірім сұрады

Oinet.kz 17-03-2021 1407

Кемшілік бізден кетті!» Ақтөбеде көпбалалы анаға құны жоқ 2 млн теңгенің сертификатын берген шенеуніктер ақталды. Ол үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Әкімдіктің мәлімдеме жасағаны қисынды, ал бес баласымен жатақхананың жуынатын бөлмесінде тұрып жатқан көпбалалы келіншекті аймақ басшысынан кешірім сұрауға не итермеледі? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

әкім мен көпбалалы ана.jpg

- Мен облыс әкімінен кешірім сұрайын деп едім. Түсінбестік болыпты. Мен деген ойладым маған берілед деп ойладым - деді көпбалалы ана Айсұлу Көздібаева.

Кеше ғана облыс әкіміне базынасын айтқан Айсұлу бес баласымен жатақхананың жуынатын бөлмесінде тұрады. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ, жалданып жұмыс істейді. Әбден қажыған келіншек әлеуметтік желі арқылы көптен көмек сұраған еді. Әзірбайжан жастар қауымдастығы лезде көмекке ұмтылыпты. Отбасы тұрып жатқан 14 шаршы метр жерді жөндеп, жиһазына дейін жаңалап бергені. Ал облыс басшысы Оңдасын Оразалин «Алғыс айту» күні қарсаңында келіншекке 2 млн теңгенің сертификатын тапсырады. Айсұлу болса ол соманы баспана алуға жұмсаймын деп жоспарлайды. Бірақ, ешкім келіншекке көрсетілген сома әзірбайжан жастары қауымдастығының жөндеу жұмыстарына жұмсаған қаражаты екенін ескертпепті. Әкімнің қолынан алған әдемі сертификат үшін облыс әкімінің орынбасары өзі кешірім сұрады.

- Бұл жерде кемшілік кеткен әрине, бізден. Сондықтан біздер кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта да бұл мәселелер нақты шараларда түсіндіріліп отыратын болады - облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет.

Облыс әкімдігі арнайы өткізген брифингке үйелмелі-сүйелмелі бес баласы бар Айсұлу да қатысты. Бас-көз болатын адам болмағасын кішкентай қызын да бірге ала келіпті. Осыдан кейін келіншек тікелей эфирде әкімнен кешірім сұрады. Дұрыс түсінбей қалғанын айтып, ақталды.

Жер сатуға тыйым салуды қарастыратын заң жобасы Мәжілісте қабылданды
Министр Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу