Нұрсұлтан Назарбаевтың біз білмейтін құпиялы тұстары (фото)

Oinet.kz 13-08-2020 2224

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сегіз қырлы, бір сырлы жан. Ендеше, Елбасының біз білмейтін, құпиялы тұстарына тоқталсақ!

image.png

Елбасы – альпинист. Тау баласы болғаннан ба, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін ел басқарғанда кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған.

***

Елбасы құралайды көзге атқан мерген. Аң аулағанды, саят құрғанды ұнатады. Мергендігі туралы түрлі аңыз бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер Мақсұт Нәрікбаев «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деп пікірін білдіріпті.

Нұрсұлтан Әбішұлының ақындығы өз алдына бір төбе. Суырыпсалмалық қасиеті бар екенін маңайындағылар жиі айтады. Халық арасына кеңінен тараған және үлкен ықыласқа бөленген патриоттық рухты көтеретін «Елім менің», «Үш қоңыр», «Шұбарат», «Жерім менің» сынды әндерді жазған.

***

Елбасы – гольф шебері. Назарбаев Хайнань аралдарындағы демалыстарының бірінде гольф ойнау шеберлігімен жергілікті халықты қатты таңғалдырыпты. Гольф допшасын бастау алаңшадан көмбе алаңшадағы шұңқырға бір ұрғаннан кіргізген. Таңдай қаққан қытай мамандары сол жерге ескерткіш те орнатпақ болған көрінеді.

***

Нұрсұлтан Әбішұлы – әзілқой адам. Дастархандас болған кісілер естеліктерінде оның ерекше әзілқой адам екендігін айтады. Әсіресе, еркін отырыстарда әзіл айтып, төңіректі күлдіріп, көңілдерін көтеріп отырады екен.

Асхат Аймағамбетов өзін сынға алатын адамдарға жауап берді (видео)
Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындарға дөрекі сөйлеу себебін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу