Қызылорда облысында құлаған тікұшақтың экипажы қайтыс болды

Oinet.kz 27-03-2019 1098

Screenshot_1.jpg

Қызылорда облысында құлаған Ми-8 тікұшағының экипажы қайтыс болды. Бұл туралы Твиттерде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

«Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырады. Тікұшақ Ақтау-Шымкент бағытындағы әскери жаттығу бойынша ұшып бара жатқан еді. Тікұшақтың экипажы қайтыс болды. Мен тергеуді бастау туралы тапсырма бердім. Зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтам. Оларға материалдық көмек көрсетілетін болады», - деп жазды Қазақстан президенті. 

Еске сала кетсек, бүгін сағат 17:35-те "112" пультіне Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы құлап, толығымен өртеніп кетті.

Screenshot_19.jpg

«Бекітпей қайда барасыз?» Вице-министр Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді
Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілеттігі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу