Халықты қашанғы қинайсыз, Мырзахметов мырза!

18fa7a5c516ef757e48f414aec8ff36c4b1905c8-2.jpeg

Тараздың темір жол вокзалында  көлік қоятын жер жоқ. Сол себепті  көлік иелері тәртіп бұзушыларды аңдыған полицейлерге жем болып жүр. Бұл туралы «Фейсбуктегі» парақшасына Исламбек Дастан есімді желі қолданушы жазды.  

Оның жазуынша, тараздықтар облысты басқаруға Асқар Мырзахметов келді деп қуанған. Қаладағы гүлзарлар, саябақтар ретке келтіріле бастаған. Алайда әуежай, автовокзал және теміржол вокзалындағы жағдай әлі де жаға ұстатады.

-Теміржол вокзалындағы жағдайың жаға ұстатқаны ары тұрсын полицейлердің "май шелпегіне" айналып кеттік. Неге олай, қашанға төзе береміз. Шаршаттыңдар. Салық төлейміз, одан қоймай «дұрыс тұрмадың» деп, тағы да айыппұл төлеуге мәжбүр етеді. Неге теміржол вокзалы маңында көліктерге арналған тұрақ келушілердің санына жауап бере алмайды? Арман Молдиярұлы (облыстық полиция департаментінің басшысы, ред.), Еркебұлан Әбілханұлы (облыс әкімінің орынбасары. ред.) кабинеттеріңізден шығып, барып көріңіздер, "часпикте" қанша көлік кететіндігін. Ыңғайлы тұрақ жасамай, полицейлерге қашанға дейін жем бола береміз?!!! Менің сауалыма "отписка" жасап құтыла алмайсыздар. Әкімдік пен полицейлер салық төлеушілерден құралмай ма? Өздеріңіздің поезбен жүрмейтіндіктеріңіз көрініп тұр. Мен көтеріп отырған мәселені күн тәртібіне шығаруды ұсынамын,-делінген автордың жазбасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы 5 жылда елімізде қанша адам із-түссіз жоғалғандығы белгілі болды
  • Әлия Назарбаева қазақстандықтарды ерекше мерекемен құттықтады
  • Германиядағы жағдайдан соң, қазақстандық магистранттар оқудан шығарылды (видео)
  • Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды
  • Әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсібін ашқан
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика